БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

№13 «Гүлдер»  бөбекжай-бақшасы МКҚК  Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент  кенті,  Т.Тәжібаев көшесі  № 58 «А»  ыңғайластырылған  ғимаратта  орналасқан.

Балабақша  мемлекеттік  комиссия  шешімімен  1965 жылы қолданысқа  берілген.  Жобалық  қуаттылығы  150 орын.  Балабақша  ғимаратының  негізі  күйдірілген  қыштан  тұрғызылған,  2013 жылы  жоспарлы  ағымы  жөндеуден  өткізілді. Онда  ішкі  қабырғалар  декормен, жоғарғы  қабырға  мен  терезелер  пластикке, ал  есіктері  пластик  есікке  ауыстырылды.

Балабақша  типтік  екі  ғимараттан  құралған: «А»  және  «Б».  «А»  ғимараты  екі  қабатты. 1 – қабатта  әкімшілік  бөлмелері, асхана, кір  жуу  бөлмелері  екі  топқа  арналған  шешінетін  бөлмелер, оқу – ойын  бөлмелері, жатын  жайлар, ыдыс  жуатын  бөлмелер бар.    

Ал  екінші  қабатта  2 топқа  арналған  шешінетін  бөлмелер, оқу – ойын  бөлмелері, жатын  жайлар, ыдыс  жуатын  бөлмелер, өнер  залы, дәрігерлік  көмек  бөлмелері, психологқа  арналған  бөлме   орналасқан. Музыка  және  дене  шынықтыру  оқу  қызметі  музыка  залында  ұйымдастырылады.                      

 Медицина  бөлмесі  қажетті  құрал жабдықтармен  және  дәрі — дәрмектер  жабдықталған,  қойма   қажетті  техникалық  құралдарымен  қамтамасыз  етілген. Жылу, электр, су  тасымалдау  жүйелері  орталықтандырылған. Жылу  жүйесі  пеш  арқылы  газбен  жылынады.

Балабақша  темір  шарбақпен   қоршалған, ауласы  кең. Онда  спорт  алаңы, көлеңкелі  жерге  әр топқа  жеке-жеке  бастырмалар  жасақталған, ойын  атракциондары қойылған, сырғанақ  төбешіктері, құм толтырылған  кіші  бастырмалармен  жабдықталған,  барлығы  талапқа  сай  боялған.  

       Балалардың  табиғат  аясында  өсіп  дамуы  үшін  балабақша  ауласына түрлі  сәндік  және  жай  ағаштары  егілген, олардың  көлеңкесінде  балалар еркін  ойнауына  жағдай  қарастырылған.

Балабақшада  6  топ  ұйымдастырылған, онда  тізім  бойынша  141 бала қатысады.

1. «Гүлдер»  кіші тобы 20 бала

2. «Жұлдыз»  кіші тобы 25 бала

3. «Айгөлек»  ортаңғы тобы 25 бала

4. «Ақкөгершін»   ересек тобы  25 бала

5. «Қарлығаш»  ересек тобы  25 бала

6. «Күншуақ»  мектеп алды дайарлық тобы 21 бала   

Оқу  тәрбие  жұмысын  мемлекеттік  тілде  жүргізеді.

Әр  топта  ойын  және  жатын  бөлмелері  бөлек-бөлек  орналасқан, топтар жас  ерекшеліктеріне  қарай  жаңа  жиһаздармен, ойын  және  көрнекі  құралдармен  қамтамасыз  етілген.

Балабақшаның әр тобында балалардың жасын ескере отырып, тақырыптық  даму ортасы құрылған, оның ішінде: логика- математикалық ойын дамытатын, көркемдік және сөйлеу,танымдық белсенділік  және еңбек тәрбиесі бойынша даму бұрыштары. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған білім беру, ойын материалдары бар. Ұйымдастырылған оқу қызметін өткізу үшін мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының  талаптарына сәйкес барлық ойын түрлері үшін педагогикалық үдеріс жасалады.

Әр топ дидиктикалық материалдармен жабдықталаған, қазақ халқының  тұрмыстық  заттарымен  киіз үймен жабдықталған. Әдістемелік кабинеті – барлық іс –шаралар бойынша  жүйелі түрде жаңартылады.

Мекеме атауы: МКҚК №13 «Гүлдер» бөбекжай-бақшасы

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Т.Тәжібаев 58А

Меңгеруші: Баймагамбетова Гульмира Нарзыкуловна

Байланыс номері: +7702 603 40 10

Электронный почта: gulder.yaslisad@mail.ru